Таиланд

Оңтүстік-Шығыс Азияның жүрегі

Таиланд корольдығы Оңтүстік-Шығыс Азияның жүрегінде –Үндіқытай түбегінде орналасқан, шығысында Лаос ХДР және Камбоджа корольдығымен, оңтүстігінде Сиам шығанағы және Малайзиямен, батысында Андаман теңізімен және Мьянма Одағы Республикасымен және солтүстігінде Мьянма Одағы Республикасы және Лаос ХДР-мен шекараласқан. Сондықтан, Таиланд өңірлік іскери орталық, туризм және инвестициялар орталығы болып табылады.

Таиландтағы үш маусым

Таиландтың климаты тропикалық, орташа температурасы 29 градус Цельсийді құрайды (18-34 градус Цельсий аралығында ауытқып тұрады). Барлығы Таиландта үш маусым бар

  • Жаз

  • Жанбыр маусымы

  • Қыс

Тай тілі

ұлттық бірдейлігі

«Тай тілі» Таиландтың ресми тілі болып табылады. Тай тілінің ұлттық ерекшелігі болып табылатын өзіндік жеке әліппесі бар. Дегенмен, ауызекі тай тілінің айтылуында айырмашылықтары және өңірге байланысты диалекттердің бір қатары бар. Бірақ әліппе және жазбаша тіл жалпы мемлекеттік болып табылады.

Саяхаттар / Көлік

Таиландта көліктің бірнеше түрлері бар: әуе, теміржол, автомобиль – автобустар және жеке автомобильдер және т.б. келушілер өз бюджетіне сәйкес өз қолайлылығы үшін таңдай алады.

Таиландтағы халықаралық және жергілікті әуежайлар

Қазіргі уақытта халықаралық әуерейстері Донмыанг және Суварнабхуми.

халықаралық әуежайларына келеді. Таиландта бүкіл ел бойынша

  • Чиангмай халықаралық әуежайларына
  • Чианграй халықаралық әуежайларына
  • Пхукет халықаралық әуежайларына
  • Хатъяй халықаралық әуежайларына
  • Удонтхани халықаралық әуежайларына
  • Краби халықаралық әуежайларына

Таиландтағы қуат көздері

Таиланд түрлі-түрлі және қауіпсіз қуат көздерін жасай отырып, өз жаңартылатын энергетикасын өсіріп жетілдіруде және дамытуда. Таиландта жел, күн, отын, су және бимасса сияқты қуаттың жаңартылатын көздері көп. Таиландтың мақсаты - 2021 жылға қарай Таиландта тұтынатын барлық қуаттан 25 % дейін баламалы қуатты өндіруді ұлғайту.
 
Премьер-Министр Ген Прают Чан-о-ча (Gen Prayut Chan-o-cha) Ұлттық жиналысқа жұма, 2014 жылғы 12 қыркүйекте хабарланғандай, Таиландтың энергетикалық саясаты Энергетикалық саясат (3.5 бап, 24-25 беттер)
 
Ел ішінде және одан тысқары қуаттың және электр қуатының көздерін қолдау және дамыту, сондай-ақ тиісті және лайықты тәсілмен қуаттың әртүрлі түрлерін тарату. Бағалардың тұрақтылығын қолдау үшін ұлттық мұнай қорын пайдалана отырып, реттеуді жүзеге асыра отырып, қуатқа баға сонымен бірге әділ және нақты құнын көрсететін болуы тиіс. Бағаларды субсидиялау схемасы халықтың белгілі бір топтары үшін қолданылатын болады. Отын ретінде табиғи газды көбірек пайдалану үшін көлік саласын қолдау және үй шаруашылығында газохол мен биодизель отынын тұтынуды ынталандыру жүргізілетін болады. Өндірісті ұлғайту, ғылыми зерттеулерді орындау және қуаттың жаңартылатын және баламалы көздерін дамыту жүзеге асырылатын болады.
 
Мақсаты - 10 жыл ішінде қазып алынатын отынды пайдалануды 25 % қысқарту үшін жанартылатын және баламалы қуаттың жеткілікті көлемін алу. Өнеркәсіпті дамытуға қолданылатын кешеңді тәсілдеме өнімнің әр бірлігін өндіру үшін пайдаланылатын қуатты жалпы тұтынуды 20 жыл ішінде 25 % азайту үшін қуатты үнемдеуді ұдайы ұлғайтатын болады. Тиісті жабдық және инфрақұрылым жоғары өнімді болуы тиіс. Қоғамның барлық секторларында, яғни өндірісте, көлікте және тұрмыстық мақсаттарда қуатты тұтынуды айтарлықтай қысқарту үшін қоғам мүшелері арасында жалпы түсінікті қалыптастыра отырып, парниктік газдардың шығарындыларын азайту және жаһандық жылыну жылдамдығын төмендету үшін қуаттың экологиялық таза түрлерін дамытудың жүйелі және ұдайы тетігі әзірленетін болады.

Тайландта өндірілген халал өнімдер: барлығы үшін үздік таңдау

Сауда министрлігі Таиландта және әлемдік аренада мұсылман дәстүрлеріне сәйкес өндірілген тай тағам өнімдерінің сатылуын қолдауға тырысады. Таиланд мұсылман сатып алушылары мен тұтынушыларында жоғары сапалы халал азық-түліктің бір қатарын шығаратын үздік көзі ретінде танымал болды. Бұған, негізінен, діни сенімдерге сәйкес келетін ғылыми технологияларды қолданатын Таиланд Орталық Ислам кеңесінің және халал өнімдерін сертификаттау жөніндегі ұйымдардың қызметі және халал өнімдерінің ең жоғары стандарттарға сәйкестігіне кепіл беру үшін Таиландта өндірілген халал өнімдерін тоғыспалы тексерулердің арқасында қол жеткізіледі.

Таиландтың барлық өңірлеріндегі туризм

Таиландта көптеген туристік бағыттар бар: табиғат, мәдениет және т.б. Ауада, құрлықта, суда және судың астындағы белсенді демалыстың бірнеше түрлері ішінен таңдауға болады. Олардың кез келгені туристер бару үшін таңдаған кез келген өңірде жыл бойы түрлі әсер мен көңіл көтеруді ұсынады.

Тай мәдениетінің көркемдігі

Таиландтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан тарихы мен үлкен мұрасы бар. Сонгкран, су фестивалі, Лойкратхонг, жүзетін шамдар мерекесі, шамдармен діни рәсімі және т.б. ежелден сақталып, қазіргі уақытта жалғасын табуда.

Таиландтағы жаңартылатын қуатқа жұмсалатын инвестициялар

Баламалы энергетика жоспарында биоқуат негізгі рөлді ойнайтын болғандықтан, биомасса және биогаз ынталандыру тарифтердің мемлекеттік схемасына енгізілген. Биоэнергетика саласында 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесіне ие бола отырып, үкімет осындай келешекті жаңартылатын қуат көздері үшін ынталандыру тарифтерін қолдайды. Осы ынталандыру тарифтерінің схемасы табиғи ресурстардың тұрақсыздығымен байланысты инвестициялық тәуекелдерді төмендету үшін құрылған.

2021 жылға экономикалық қамтамасыз етілген және дербес қоғам

Қоғамдық дамыту департаменті 2020 жылға қарай халық үшін осындай жағдайларды қамтамасыз етуді мақсат қылуда. Департаменттің күн тәртібіндегі басты мәселесі – өзін-өзі өтеуге негізделген адал бизнеспен айналысу арқылы қоғамның барлық ұяшықтарының дербестігін қамтамасыз ету үшін қоғамның барлық ұяшықтарын қолдау болып табылады. Өйткені, біз «материалдық қамтамасыз етілген отбасыларды және адамдар бақытты өмір сүретін қоғамды» құруды жалғастырудамыз.

Тұтынушы жағында қуат тұтынуды басқару

2015 жылы Таиланд электр қуатын өндіру жөніндегі агенттігімен (EGAT) тұтынушы жағында қуатты тұтынуды басқаруды жүзеге асыруы тіпті жоспарланғаннан асқан электр қуатын үнемдеуге табысты әкеп соқты. Көміртектің қостотығы шығарындыларын 1208,5 мың тоннаға және электр қуатын шығыстауды 352,3 МВт (2015 жылғы қаңтар-желтоқсан) төмендету арқылы EGAT Электр қуатын үнемдеу жоспарына және будда күнтізбесі бойынша 2535 жылғы (1992 жылғы) Электр қуатын үнемдеуді ынталандыру туралы Заңға сәйкес елдің энергетикатық балансына өз үлесін қосуда.