«Таиланд павильоны» (Сала Тай) түсінігі

Таиланд үкіметі «Қол жетімді энергетика» ұғымымен адамзат үшін қазып алынатын отын түрлерінен тәуелсіз болу және қоршаған ортаны тұрақты сақтау үшін шешімді ұсынуды қажет деп санады. Мазмұны Таиландта биоқуатты жасауды түсінуді құруға және биоқуатты өндіруге байланысты Таиландтың ауыл шаруашылық көрсеткіштерін ұсынуға шоғырланатын болады. Мақсаты - өзін қуатпен қалай қамтамасыз етуге және тұрақты өмір салтын қалай сақтауға болатынын көрсету, сонымен бірге туризмды алға жылжыту арқылы тай мәдениетін және өмір салтын көрсету.

concept
concept
болашақ азығы
concept
био-МӨЗ
concept
био- фармацевтикалық өнім

Ауыл шаруашылық шикізатының және ауыл шаруашылық агроөнеркәсіптік секторлардағы жұмыс күшінің жеткіліктілігі тұрғысынан Таиланд бай биоэкономика ие. Таиландтың құнын өзінің ауыл шаруашылық өнімінің әртүрлілігі есебінен ұлғайтатын жаңа экономикасы бар ел болуға әлеуеті бар. Мысалы, болашақ азығы, био-МӨЗ, био- фармацевтикалық өнім, олардың барлығы зор табиғи ресурстардың құнын ұлғайтып, ауыл шаруашылық сектор бар Таиланд бойынша азықтық биоэнергетиканы құру үшін қарқынды дамуда. Таиланд тәуелсіз экономика, энергетика және қоғамды ынталандыру, сонымен бірге парниктік газ шығарындыларының қоршаған ортаға әсерін азайтуға көмектесу үшін тай даналығының арқасында алынған технологияларды жасап шығарды.

Жеткіліктілігі Экономика Философия

philosophy

Көрмеде марқұм Король Пхумипон Адульядеттің тәуелсіз теориясымен шабыттандырылған және ресурстарды тиімді пайдалану саласында тай үкіметімен, өнеркәсібімен және жеке секторымен жүзеге асырылған қуаттың жаңартылатын көздерін әзірлеудегі Таиландтың мүмкіндіктері және биоэнергетиканы дамыту барысы ұсынылатын болады. Тайлықтар сыртқы бақылауға алынбайтын факторлардан қорғанышқа ие болып, болашақта тәуелсіз болады. «Тай энергетикасының негізін қалаушы» ретінде танымал Король Пхумипон Адульядет энергетикалық қауіпсіздік, дамыту және Таиландта және бүкіл әлемде тұрақтылықты арттыру мақсатында ауыл шаруашылық өнімін пайдалана отырып, болашақ энергетикасын дамытудың қолдаушысы болып табылады.

Таиланд павильонындағы көрмеде «көңіл көтеру элементтері бар оқыту тұжырымдамасы» ұсынылатын болады. Үш негізгі бөлмеге мыналар енеді

Таиланд павильонындағы көрме (бірінші қабат)

1 көрме залы: Біздің жол, Біздің тайлықтар
Келушілер өмір салтымызды, сұлу пейзаждарды, қоршаған ортаны, сонымен бірге табиғи ресурстарды және тұрақты өмір салтының негізі болып табылатын энергетикалық әлеуетті жақсырақ түсіне алатындай етіп Таиланд тарихын және бейнесін көрсету.

Таныстыру рәсімі:
Ақиқатқа жуық тәжірибені жасау үшін жанды көрмені пайдалану. Жанды көрме мына бөлімдерден тұратын болады 

1 бөлім: Таиланд көрмесі
 Туризм, Таиланд ерекшеліктері, маңызды орындары және тағы басқаа сияқты түрлі аспектілерде Таиландтың кішірейтілген үлгісін көрсету. Жеңіл түсінгішті инфографиктер арқылы аудитория ішінде қызығушылықты тудыру және қуаттың жаңартылатын негізгі көздерінің әлеуетін көрсету үшін динамикалық демонстрация технологиясын қолдануға мүмкіндік береді.

2 бөлім: Сахнада Тай мәдени көрсетілімі
Барлық жастағы адамдарды таң қалдыру үшін мультимедиа және аса зор жарық диодты LED экранды пайдалана отырып, келушілер бірегей және сұлу тай атмосферасының куәгерлері бола алатындай етіп тай мәдениетінің түрлі аспектілерін көрсету. Сахнада өтетін үш мәдени іс-шаралардың бірі болып Муай Тай болады, тай мәдени ойын-сауық дәстүрлерін және «өсетін қуатты» көрсету.

Көрсетілім тұжырымдамасы:
Таиланд павильонындағы көрсетілім тұжырымдамасы «Таиланд кереметі» деп аталады. Біз білгеніміздей, қазақ халқы сауы-сайранды жақсы көреді, сондықтан бізде түрлі тамаша мәдени іс-шаралар мен ойын-сауықтар ұсынылған.

3 бөлім: Таиланд павильонына арналған белгі
Келушілер «Қолжетімді биоэнергетика» идеясын түсініп, Таиланд павильоны туралы толық мәлімет ала алады.

Болашақта пайдаланылатын қуаттың жаңартылатын көздері және және болашақ қуаты туралы ақпаратты жинау. Таиландта қуат табиғи ресурстардан және қуаттың жаңартылатын көздерін алға жылжыту туралы Король Пхумипон Адульядеттің ойларынан шыға отырып өндіріледі; бүгінде тайлықтар қуаттың жеткілікті және сенімді көлемін пайадалана алады.

Таныстыру рәсімі:
3D кинотеатр көрермендер арасында қызуғылық пен тандануды тудыру үшін Таиланд павильонының бойтұмары Па- лангтің әңгімелерімен аралас болашақ зертханаларын көрсететін болады. Па-Ланг көрермендерге осы хиқаяға шомуға және сезінуге мүмкіндік беретін хиқаяны баяндайды. Келушілердің жан жүрегіне жетіп, болашақ қуатын пайдаланудың Тай тәсілін естеріне қалдырады.

Бұл бөлмеде қант құрағы, эвкалипт, резеңке, күріш, жүгері, жануарлар көні және ауыл шаруашылық қалдықтар, маниока мен пальмалар сияқты биомасса және биоотын туралы ақпарат жиналған. Негізгі назар ауыл шаруашылығындағы қуаттың жаңартылатын көздеріне аударылатын болады, келушілер табиғи ресурстардан жасалған қуаттың құны туралы біле алады. Келушілер табиғи көздерден алынатын қуаттың құндылығы туралы білуі үшін ауыл шаруашылығында қуаттың жаңартылатын көздеріне назар аударылады. Биоотынды жасау агрономдардың табысын ұлғайтып, қоқыс көлемін азайта алады, сондай-ақ тайлықтарда болашақ үшін қуаттың жеткіліктілігіне көз жеткізеді.

Таныстыру рәсімі:
Бұл көрме көрермендер бөлмеде еркін жүріп-тұра алатын энергетикалық зертхананы модельдеу үшін арналған. Белгілі бір бөлме санаттар бойынша бөлінетін, ал мазмұны мультимедиа арқылы берілетін қуаттың әр түрлі түрлерін көрсетеді.

Таиланд павильонындағы көрме (екінші қабат)
Тиісті мекемелер мен ұйымдар өз стендтерін орналастырады, соның ішінде Қуат тасығыштардың саудасы министрлігі, Дамыту мәселелері бойынша қоғамдастықтың энергетикалық өнімдерді көрсету департаменті, Таиланд инвестициялары схемасы бойынша ақпараттандыру және Таиландтағы туристік бағыттарды, тай тағамдарын, тай уқалауын, тай отандық өнімдерін (ОТОП) және қолмен істелінген бұйымдарды көрсетуді қоса алғанда Тай мәдениеті министрлігінің көркем стенді орналастырылады. Іскери байланыстарды жолға қоюға арналған орын ұсынылады.

Таиланд павильонының нышаны Т-тәріздес нышан ауыл

шаруашылықтан шыға отырып, тұрақты энергетиканың дамуын көрсететін гүлдеп тұрған ағашты білдіреді. Жалпы логотип Таиланд картасына ұқсайды.

Thailand pavilion
  • Таиланд қуат көздерін әзірледі, сонымен бірге қуаттың жаңартылатын көздерін көбірек табуға үздіксіз тырысады.
  • Таиланд мәдениеті және туристік объектілері бірегей болып табылады, әлемде оларға ұқсас ештене жоқ.
  • Таиланд балық және күріш сияқты өмір үшін жеткілікті ресурстары бар бай ауыл шаруашылық ұлт болып табылады.

Таиланд павильонының бойтұмары 

Таиланд павильонының бойтұмары барлық келушілерге күлкі сыйлайды.

“พลัง”
(Па-Ланг)

«Астана Экспо-2017» үшін Таиланд павильонының бойтұмары болып Па-Ланг табылады, ол Король Институтының деректері бойынша болашақ қуатын алға жылжытуға арналған күшті көрсететін «билік», «күш» және «билік үшін әлеует» дегенді білдіреді.

Бойтұмар тұрақты Таиланд және әлем үшін баламалы қуат көзі болып табылатын өсімдік тұқымдарына негізделген. 

Па-Ланг, түрлі аспектілерде

  • Жүгері Қазақстан халқы үшін негізгі азық-түлік өнімі болып табылады. Бойтұмар ретінде жүгеріні пайдалана отырып, жергілікті тұрғындармен байланысты тиімді орнатуға болатыны сөзсіз. Сондықтан Таиланд негізгі қуат тасығыш болып табылмайтынына қарамастан, Астана Экспо- 2017 үшін бойтұмар ретінде жүгеріні тандады.
  • Па-Лангтың басы ресурстардың жанартылатындығын білідретін жапырақ өскіні түрінде бейнеленген.